Андрей Тихонов «Астанадан» кететіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді

15.10.2021 10:36 ҚПЛ

Ресейлік маман маусым соңында елордалық клубтан кетуі мүмкін.

Андрей Тихонов «Астанадан» кететіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Спорт Экспресс" порталына командадан кетуі туралы ақпаратқа жауап берді.

"Менің клубпен келісім-шартым бар. Бұдан кейін не болатынын көре жатармыз. Менің клубтан кетуім мүмкін екені туралы ақпарат мені таңғалдырмайды. Мені таң қалдыра алатын көп нәрсені білемін. Бірақ мен бұл туралы айтпаймын", - деді Тихонов.

Естеріңізге сала кетейік, 50 жастағы ресейлік маман 2020 жылдың 16 қазанында "Астананың" бас бапкері болып тағайындалды. Елордалық клуб маусымның аяқталуына үш тур қалғанда Премьер-лигада 53 ұпаймен көш бастап келеді.

0 пікір