«Ливерпуль» бразилиялық футболшыға қызығушылық танытуда

15.10.2021, 16:23
Жартылай қорғаушы АПЛ-де 7 матчқа қатысып, үш гол соқты.
«Ливерпуль» бразилиялық футболшыға қызығушылық танытуда

"Лидс" клубының жартылай қорғаушысы Рафинья Диас "Ливерпульге" ауысуы мүмкін. Бұл ақпаратты бразилиялықтың агенті, "Барселонаның" бұрынғы ойыншысы Деку растады.

"Рафинья Премьер-лиганың маңызды ойыншысына айналды. Клуб ойыншының өскенін біледі және бәрі өздігінен болып жатыр. Ол жас, алда көптеген қиындықтар күтіп тұр. Оған қызығушылық танытқан бірнеше клубтар бар. Тіпті "Ливерпуль" бейресми ұсыныс тастады. "Лидс" ойыншыны тағы бір маусымға командада қалдырғысы келді. Рафинья "Лидсте" бақытты, бірақ ол өзінің мансабындағы ең үлкен қадамды жасайтын уақыт келеді. "Лидс" бәрін түсініп отыр, олар үлкен трансфер жасағысы келеді, ал Рафинья дамуын жалғастыра бермек", - деп келтіреді Globo Esporte басылымы Декудың сөздерін.

Биылғы маусымда Рафинья Премьер-лигада "Лидс" үшін 7 матч өткізіп, 3 гол соқты.Transmarkmarkt порталы футболшыны 32 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×