Кім чемпион? Журналистер көзқарасымен

28.05.2011, 00:14
Кім чемпион? Журналистер көзқарасымен

Азиз Оразбаев, «Алаш Айнасы»:

Бір ғана тактиканы ұстанып, шауып жүреді

Тізгінді Гвардиола ұстағалы бері "Барселонаның" ойын стилі еш өзгерер емес. Қай матчын қарасаң да, футболшыларының орналасу жүйесі бірдей. Бір ғана тактиканы ұстанып, шауып жүреді. Голдарының бір-біріне ұқсас болуы да сондықтан. Бірақ, командаға тек сәттілік әкелген бұл жүйені әлі еш команда бұза алар емес. Моуриньо "Барселонаның" ойын жүйесін бұзу үшін тіпті, екі-үш амал қолданып көрді. Өкінішіне қарай, жемісін берген жоқ. Ал осыдан екі жыл бұрын "Барсадан" аузы күйген сэр Алекс Фергюссон  каталондықтардың ойын жүйесін бұзып, Мессидің емес, тіпті Давид Вильяның да емес, Иньеста мен Хавидің аяқитарына кісен сала алса, онда жеңіс "МЮ" жағында болмақ. Букмекерлік кеңселер "Барселонаның" мүмкіндігін жоғары қоюда. Бірақ каталондықтарға басқа-басқа емес, Фергюссонның өзі қарсы тұрғанын ұмытпау керек. Еркін Шәкірұлы Хит тв арнаксы қазақ бөлімінін Бас редакторы:

ЧЛ финалында манкуниандықтар жеңіске бір табан жақын

Биылғы чемпиондар лигасына лайықты қос құрама өз дегендеріне жетті. Олар енді британия жерінде не бел не белбеу кеткенше айқақа түспек. Әйтседе тарихқа бір сәт көз жүгіртіп өтсек. Бұл екі клубтың осынау айтулы додадағы жолы ең алғаш рет 1984 жылы финалда түйісіпті. Алғашқы ойын Барселонаның жеңісімен аяқталғанымен, екінші ойында манкуниандықтар 3-0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өткен екен. Сол жылдан бері есептегенде барлығы 10 ойын ойналған. Барселона 10 ойынның үшеуінде жеңіп, төрт ойында тең түсіп, қалған үш ойында жеңілісі тапқан екен. Дегенмен екі жыл бұрын Манчестерлік клуб 2-0 есебімен финалда ұтылған еді. Алайда одан бері қос құраманың да ойыншылар тізбегінде алуан өзгерістер орын алды. Соңғы жылдары әлемдік футболға ерекше леп әкелген каталондықтар төрткүл дүниені өзіндік ойын мәнерімен тамсандыруда. Дегенмен финал тартысты және Фергюсон шәкірттері үшін қиынға соғады дейді мамандар. Меніңше бұл жолы алғашқы болып есепті манкуниндықтар ашады. Ал есепті Манчестер ашса, онда қорғанысқа жамбастап жатып алды дей беріңіз. Қарымта қайтаруға тамаша мүмкіндік. Мен жеңісті МЮ-ге берер едім. Оған қосатын тағы бір нәрсе ол - биыл 15 жылдан аса өмірін футболға арнаған Ван дер Сар қолғабын шегеге іледі. Осы маусымдағы соңғы ойынында барын салады деп ойлаймын. Ең бастысы қызық ойын сыйласа болғаны... Ермұхамед МӘУЛЕН, "Футбол.кз":

Бір-ақ адам бар , ол - Фергюссон

Есеп 3:2. "Манчестер" жеңгені жеңген. Ойынның 70 пайызында допқа иелік ету деген - жеңіске жету деген сөз емес. Саннан сапа мықты болары белгілі. "МЮ-дің" ойыны сапалырақ. Дмитрий Мостовой, "Спорт Ревью": Негізгі уақыт тең болатын шығар 1:1, 1:1,  пенальтиден 4:5 "Манчестер" чемпион! Жандос Байділда, "Алматы Ақшамы":

Ойын тағдыры пенальтимен шешілмейді

Кім бірінші салса, сол чемпион! Чичарито алтын доптың авторы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×