Слободан Крчмаревич құраманың тізімін жариялады

27.05.2011, 21:48
Слободан Крчмаревич құраманың тізімін жариялады
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушы Слободан Крчмаревич 2013- Еуропа Чемпионаты іріктеу турнирі ойындарыда Румыниямен бақсынасуға аттанатын команда құрамын анықтады. Мамырдың 27 мен 30 аралығында Алматыда қысқа мерзімді жиын өткізіп, одан соң Бухарестке аттанатын болады. Румыния астанасында екі күн болған соң, Слободан Крчмаревичтің шәкірттері 3 маусым күні ойын өтетін Тургу Муреш қаласына аттанады. Назарларыңызға сала кетейік, мамырдың 16 мен 19 аралығында Қазақстан жастар құрамасы Талғардағы құраманың базасында ОЖЖ өткізген болатын. Қазақстан жастар құрамасының құрамы Қақпашылар: Самат Отарбаев (Тарлан), Нұрболат Қалменов (Атырау) Қорғаушылар: Евгений Горячий (Қайрат), Дмитрий Шомко, Дамир Даутов (екеуі де - Локомотив), Ельдос Ахметов (Ертіс), Бақдаулет Қожабаев (Ордабасы), Михаил Габышев (Восток), Евгений Азаматов (Ақтөбе) Жартылай қорғаушылар: Нұрсайын Жолдасов, Рахымжан Розыбакиев (екеуі де - Қайрат), Григорий Дубков (Шахтер), Саят Сариев (Жетісу), Бауыржан Исламхан, Бауыржан Байтана (екеуі де - Тараз), Асхат Тағыберген (Қайсар), Әлібек Аяғанов (Ертіс) Шабуылшылар: Бауыржан Жолшиев (Атырау), Денис Прокопенко (Локомотив), Абзал Бейсебеков, Станислав Лунин (екеуі де - Восток), Сергей Хижниченко (Шахтер), Алексей Щеткин (Жетісу) Жаттықтырушылар штабы мен қызметкерлер: Слободан Крчмаревич – аға жаттықтырушы Қанат Мұсатаев – жаттықтырушының көмекшісі Небойша Топалов - жаттықтырушының көмекшісі Ненад Лукич – қақпашылар жаттықтырушысы Сергей Елисеев – дәрігер Сергей Власов - Массажист Оралхан Сабит - әкімгер Ануар Биданов - Менеджер
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×