Кипрас Кажуколовас - “Астана” ФК сапында 50 матч өткізді

Петропавлдық “Қызылжарға” қарсы тартысты кездесу “Астананың” литвалық легионері үшін мерейтойлы болып тіркелді (3:3).

Кипрас Кажуколовас - “Астана” ФК сапында 50 матч өткізді

24 жастағы орталық қорғаушы елорда ұжымына 2024 жылдың ақпан айында “Жальгиристен” келіп қосылған болатын. Сол уақыттан бері Кипрас сары-көктер жейдесінде 50 мәрте алаңға шыққан екен. 

2025 жылғы маусымда Кажуколовас “Астанамен” бірге 24 кездесу өткізді. Жас ойыншы Бабаян командасы қорғанысының негізгі діңгегі. 

Еске салайық, 2023/24 жылғы маусымда Кипрас елордалық клуб сапында Лига Кубогынде жеңімпаз атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ФК Астана
Aladop Youtube
×