
«Ақтөбе» футбол клубы африкалық Даниэль Сосаның команда сапын толықтырғанын ресми түрде мәлімдеді.
26 жастағы футболшы бұған дейін Украина чемпионатындағы «Кривбасс» командасында доп тепкен. Онда екі маусым ішінде 47 матчқа қатысып, 5 гол соқты.
Даниэль Соса 2021 жылы Нигер ұлттық құрамасы сапында дебют жасап, осы уақытқа дейін 24 кездесуге қатысып, 5 голмен көзге түсті.
Transfermarkt порталы мәліметінше, шабуылшының қазіргі нарықтық құны — 800 мың еуро.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 15 турында «Ақтөбе» 29 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET