
Беларусь ұлттық құрамасының шабуылшысы Виталий Лисакович «Ақтөбе» клубымен келісімшартқа жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.kz «Спорт Беларуси» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
— «Спорт Беларуси» дерегінше, Виталий Лисакович "Ақтөбе" клубымен еңбек келісімшартына қол қоюға жақын, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Лисаковичтің Ресейдің «Балтика» клубындағы келісімшарты аяқталғаны және командадан кеткені белгілі болған.
Өткен маусымда белорус шабуылшысы Ресейдің Бірінші лигасында 18 матч өткізіп, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET