«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан кубогінің 1/4 финалында «Ақжайықпен» (1:2) болған ойынға қатысты пікір білдірді:
– Ең алдымен «Ақжайықты» құттықтаймын! Кубок матчтарының қалай өтетінін болжау мүмкін емес. Өкінішке орай, бүгін жеңіліп қалдық. Мен ойыншыларыма алғыс айтқым келеді. Олар барын салды. Маған бұл командамен жұмыс істеу өте қызық.
Стадионға келіп, бізді қолдаған жанкүйерлерге өтініш айтқым келеді. Көптен бері адамдар: «Клубтың түлектері қашан ойнайды?» деп айтып жүр. Қазіргі уақытта академияның тәрбиеленушілері ойнауда. Олар өте талантты. Бірақ оларға қолдау керек. Әр ойын сайын стадиондағы бос орындар көп болады. Неліктен екені түсініксіз. Ал келгендерге рахмет айтқым келеді! Өйткені, олар бізді әрқашан нәтижемізге қарамастан, келіп, қолдайды.
Біздің серіктес: FONBET