Сержиньо Дест мансабын Италияда жалғастырады

01.09.2022, 16:56
Футболшыны Италия чемпиондары жалға алды.
Сержиньо Дест мансабын Италияда жалғастырады

«Барселонаның» қорғаушысы Сержиньо Дест 2022 жылғы маусымды Италия чемпионатында өткізеді.

Фабрицио Романоның айтуынша, «Барселона» мен «Милан» 21 жастағы ойыншының трансфері туралы ортақ мәмілеге келді. Ол 2022/23 жылғы маусымның соңына дейін миландық клубқа жалға беріледі. Италия чемпиондарында футболшыны келесі жазда 20 миллион еуроға сатып алу құқығы бар.

Сержиньо 2020 жылдың қазан айынан бері «Барселона» сапында ойнады. Transfermarkt порталы оны 18 миллион еуроға бағалауда. Америкалық қорғаушының каталондық клубпен келісім-шарты 2025 жылдың маусымына дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×