ПСЖ үш футболшымен қоштасты

01.09.2022, 16:18
Париждік клуб трансферлік терезенің соңғы күнінде керек емес футболшылардан құтылуда.
ПСЖ үш футболшымен қоштасты

«Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Леандро Паредес «Ювентусқа» ауысты.

Аргентиналық футболшы туриндік клубта жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. Маусым соңында «Ювентус» Паредесті 20 миллион еуроға сатып алады.

Паредес - «Бока Хуниорстың» түлегі. Аргентиналық жартылай қорғаушы «Кьево», «Рома», «Эмполи» және «Зенит» клубтарында ойнаған. 2019 жылдың қаңтарында Паредесті ПСЖ 40 миллион еуроға сатып алды. Осы маусымда футболшы Франция чемпионатының үш матчына қатысып, бір нәтижелі пас берді. 2017 жылдан бастап Леандро Аргентина құрамасына шақыртылып жүр.

ПСЖ-ның жартылай қорғаушысы Юлиан Дракслер мансабын Португалияда жалғастырады.

28 жастағы неміс футболшысы «Бенфиканың» назарына ілікті. Беделді журналист Фабрицио Романоның айтуынша, тараптар жартылай қорғаушының трансферіне қатысты барлық мәселені шешіп қойған. Лиссабондық клуб ойыншыны маусым соңына дейін жалға алмақшы.

Юлиан Дракслер өткен маусымда «Пари Сен-Жермен» сапында 18 ойынға қатысып, екі гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

«Пари Сен-Жермен» клубының тағы бір жартылай қорғаушысы Идрисса Гейе мансабын «Эвертонда» жалғастырады. Жақын арада футболшы англиялық клубпен келісім-шартқа отырады.

Гейе ПСЖ-ға ауыспас бұрын дәл осы «Эвертонның» намысын қорғаған еді. Ол «Эвертонға» 2016 жылы «Астон Вилладан» қосылды. Содан бері англиялық команданың құрамында 108 матч өткізіп, төрт гол соқты.

Лига 1-дің соңғы маусымында Идрисса 26 ойынға қатысып, үш гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Ойыншы осы маусымда алаңға шыққан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×