Кирилл Кекер: «Бірінші матчтың нәтижесіне қарамаймыз»

28.07.2021, 14:35
Бүгінгі ойынға Покатилов, Баньяк, Косович, Пауло, Сүйімбаев қатыса алмайды.
Кирилл Кекер: «Бірінші матчтың нәтижесіне қарамаймыз»

"Қайраттың" бас бапкері Кирилл Кекер матч алдындағы баспасөз мәслихаты кезінде команданың дайындығы туралы айтып, жергілікті БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:

- Біз осында болғанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі матчтан көп нәрсе күтемін. Біз бірінші матчтың нәтижесіне қарамаймыз.

- Белградқа сіздің командаңыз толық құраммен келген жоқ екен.

- Иә, кейбір ойыншылар жарақатына байланысты қатарда жоқ, бірақ "Қайрат" - үлкен клуб және бізде оларды алмастыратын ойыншылар бар. Бұл футболдағы қалыпты жағдай.

- Сіздің командаңызда бұрынғы Югославияның ойыншылары бар. Олармен біздің стадион және жергілікті жанкүйерлер туралы сөйлестіңіз бе?

- Бізде Черногориядан Небойша, Сербиядан Раде және Хорватиядан Дино бар. Әрине, біз олармен алдағы ойынды талқыладық. Біз "Црвена" - дәстүрлері мен адал жанкүйерлері бар үлкен клуб екенін білеміз.

- Бірақ ертең клубқа тек жас балалар жанкүйер болады.

- Жанкүйерлермен ойнау әрқашан жағымды әсер сыйлайды. Ересек пе әлде балалар ма, ол маңызды емес.

- Сіздің ойынға дайындаған жоспарыңыз қандай?

- Біріншіден, біз мұнда нәтижеге жету үшін келдік және біз өз футболымызды ойнаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×