Кирилл Кекер: «Біз тек «Қайраттың» ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғайтын боламыз»

07.07.2021, 16:53
Матч бүгін Израильдегі «Сэмми Офер» стадионында өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.
Кирилл Кекер: «Біз тек «Қайраттың» ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғайтын боламыз»

"Қайрат" бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде израильдік "Маккаби Хайфаға" қарсы өтетін ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

- Мен ең алдымен бәрімен амандасқым келеді. Біз осында болғанымызға қуаныштымыз. Биыл Чемпиондар лигасында біз тек "Қайраттың" ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғайтын боламыз.

- Биыл сырт алаңда соғылатын гол ережесі жойылды. Осыған байланысты команда алғашқы матчта ашық ойын көрсете ме әлде өз алаңындағы матчқа сенім арта ма?

- Біз Қазақстан чемпионатындағы көптеген матчтарда бірінші нөмірмен ойнаймыз. Әрине, біздің бұл ойынға дайындаған жоспарымыз бар. Біз өз футболымызды ойнауға тырысамыз.

- Сіз өзіңіздің командаңызды осы кездесудің фавориті деп санайсыз ба?

- Бұл футбол. Екі матчта да жақсы ойнаған команда жеңіске жетеді Сондықтан мүмкіндік 50-де 50 пайызды құрайды. Біз "Маккабиге" құрметпен қараймыз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз. Біз олармен өткен жылы ойнадық және олардың мықты жақтарын білеміз.

- Жеребе нәтижесін қалай қабылдадыңыз?

- Біз барлық қарсыластардың арасынан "Маккаби" секілді мықты командаға түсіп қалуымыз мүмкін екенін білдік. Бұл жеребе және біз оған әсер ете алмаймыз. Біз израильдік клубтар мен "Қайрат" арасындағы текетірестің үнемі израильдік командалардың пайдасына шешіліп келе жатқанын білеміз, бірақ мұндай серияны да кез-келген тоқтатуға болады.

- Сіздер қарсыласқа қарағанда көп матч өткіздіңіздер...

- Ия, біз чемпионаттың бел ортасынан астық. Бұл біздің соңғы он күндегі үшінші ойынымыз болады. Менің ойымша, бұл қазіргі футболдағы артықшылық емес.

- Қарсылас командадан Никита Рукавица кетіп қалды. Бұл шабуылшы көптеген ойындардың нәтижесіне әсер ететін еді. Сіз бұл жаңалықты қалай қабылдадыңыз?

- Олар үшін мұның қаншалықты үлкен шығын болатынын айта алмаймыз, бірақ клубтың бұл ойыншыны алмастырғысы келгенін білеміз. Ол жақсы ойыншы, бірақ қазір құрамда жоқ, сондықтан мен ол туралы айтуға ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын.

- Қарсылас командада сіз ерекше ойыншы ретінде назар аударатын футболшы бар ма?

- Менің ойымша, "Маккаби" біз жайлы көбірек ақпарат алды, өйткені біз қазір тұрақты түрде ойнап жүрміз. "Маккаби" - әр позициясында көшбасшылары бар жақсы команда. Біз белгілі бір ойыншыны емес, команданы тоқтатқымыз келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×