Бразилия құрамасының финалдағы қарсыласы анықталды

07.07.2021, 14:10
Финал 11 шілдеге жоспарланған. Нұр-Сұлтан уақытымен 06:00-де басталады.
Бразилия құрамасының финалдағы қарсыласы анықталды

Америка Кубогінің жартылай финалында Аргентина құрамасы Колумбияны пенальти сериясында жеңіп, турнирдің финалына шықты. Кездесудің есебі - 1:1 (пенальти бойынша 3:2).

7-минутта Лаутаро Мартинес Аргентина құрамасының алғашқы голын соқты. Луиш Диас 61-минутта таразы басын теңестірді. Матчтан кейінгі 11 метрлік соққылар сериясында аргентиналық футболшылардың жолы болды, дәл сол Лаутаро Мартинес пенальтиді сәтті орындады, ал қақпашы Дамиан Мартинес колумбиялық жартылай қорғаушы Эдвин Кардонаның соққысына төтеп берді.

Колумбиялықтарда Хуан Куадрадо мен Мигель Борха өз мүмкіндіктерін жүзеге асырды, Аргентина сапында Мартинестен басқа Лионель Месси мен Леандро Паредес гол соқты.

Месси бастаған жігіттер Америка Кубогінің финалында Бразилия құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×