Италия пенальти сериясында Испаниядан басым түсіп, финалға шықты

07.07.2021, 08:50
Италияның финалдағы қарсыласы ертең анықталатын болады.
Италия пенальти сериясында Испаниядан басым түсіп, финалға шықты

2020 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Италия құрамасы Испаниямен кездесті. Ойын Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтіп, Италия құрамасының пенальти сериясындағы жеңісімен аяқталды (1:1, 4:2 - пенальти).

Ойынның 60-минутында Италия қақпашы Джанлуиджи Доннарумма бастаған қарсы шабуылды сәтті аяқтады. Федерико Кьеза допты қақпаның алыс бұрышына тоғытты. 80-минутта Испания ұлттық құрамасының шабуылшысы Альваро Мората жартылай қорғаушы Дани Ольмодан пас алып, есепті теңестірді. Пенальти сериясында Италия құрамасының бағы жанды. Мануэль Локателлидің соға алмаған пенальтиіне Дани Ольмо да дәл солай жауап берді. Ал Альваро Моратаның жасаған соққысы Доннарумманың қолынан табылды.

Осылайша, Италия құрамасы Еуро-2020 турнирінің финалына шықты, олар ақтық кезеңде Англия - Дания жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×