Ашраф Хакими ПСЖ ойыншысы атанды

07.07.2021, 04:54
Трансфер құны 71 миллион еуроны құрады.
Ашраф Хакими ПСЖ ойыншысы атанды

"Интердің" қорғаушысы Ашраф Хакими мансабын "Пари-Сен-Жерменде" жалғастырады. Трансфер туралы париждік клубтың ресми сайты хабарлады. Марокколық футболшы мен ПСЖ арасындағы келісім-шарт 2026 жылға дейін есептелген.

Танымал инсайдер Фабрицио Романо француздардың "Интерге" ойыншы үшін 60 миллион еуро, одан бөлек түрлі бонустар ретінде 11 миллион еуро төлейтіндігін хабарлады. Лондондық "Челси" де Хакимиді мұқият бақылады, бірақ "ақсүйектер" тарапынан ресми ұсыныстар болмады.

Өткен маусымда Хакими "Интермен" бірге Италия чемпионы атанды. Қорғаушы А сериясында 37 ойын өткізіп, жеті гол соқты, сегіз голдық пас берді. Ашраф - "Реал Мадридтің" түлегі. 2018 жылдан 2020 жылға дейін Хакими "Боруссия Дортмундта" ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×