«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан чемпионатының 14-турындағы ойында «Мақтааралды» жеңгеніне қатысты пікір білдірді.
- Кирилл Сергейұлы, матчқа қандай баға берер едіңіз және Бердыев кеткеннен кейінгі команданың көңіл-күйі туралы айтып берсеңіз.
- Матч қызыққа толы болды. Не болғанын айтпай-ақ қояйық. Депрессиялық көңіл-күй жоқ. Иә, қиындықтар бар, бірақ тығырықтан шығу жолдарын іздеп жатырмыз. Байқасаңыз, бұл матчта бұрынғыдан өзгеше футбол болды – себебі ойын тек қарсылас қақпасының маңында өтті.
- Команда төрт қорғаушы схемасына қайта оралды, енді осы жүйемен ойнайсыздар ма?
- Қиын сұрақ. Мен шабуыл мен қорғаныс туралы айтып отырған жоқпын, біз уақыт пен кеңістікті басқарғымыз келеді, ойындағы балансты бірқалыпты ұстауды қалаймыз. Барлық шешімді қарсыластың ойынына қарап қабылдаймыз.
- Яцек Гуральскиден кейін басқа да легионерлердің кетуі мүмкін бе?
- Нақты мәліметтер жоқ. Қазір біз өзіміздің құрамдағы ойыншыларды пайдаланып жатырмыз. Трансферлік терезе ашылғанда, басшылықпен жоспарларды талқылаймыз. «Қайрат-Мәскеуден» тағы да ойыншылар келді, оларды да біріктіру керек.
- Гуральскийдің орнын кім басады?
- Яцектің кетуі үлкен шығын, бірақ бізде үлкен ойыншылар тобы бар, оны еш қиындықсыз ауыстыруға болады. Мен бұл жерде ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Жас жігіттерге ойын уақыты беріледі. Рикардо Алвеш те оның орнын басуы мүмкін.
- Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі қарсыласты қалай бағалайсыз?
- Бұл Венгрияның командасы және екінші орын алғаны болмаса, мен олар туралы ештеңе білмеймін. Бірақ қазір бұл туралы ақпарат қызық емес, себебі ойын бір жарым айдан кейін ғана болады. Енді «Таразға» қарсы өтетін келесі ойында бар күшімізді саламыз. Уақыты келгенде «Кишварда» туралы ақпарат жинаймыз.
- Мәскеудегі командадан тағы да ойыншылар келе ме?
– «Қайрат-Мәскеуден» ойыншылар келетін шығар, олардың мүмкіндіктерін жақсы білемін. Академия түлектерін де бәріміз білеміз. Бірақ трансферлік терезеде не болатынын айта алмаймын.
- Артур Шушеначевтің қазіргі формасын қалай бағалайсыз және биылғы маусымда оған гол соғу қиын деп айта аламыз ба?
– Ұлттық құрамадан жақсы көңіл-күймен келді. Маған сеніңіз, Артур гол соғады. Маған біраз уақыт беріңіз, мен бұл жағынан ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Бұл жақсы шабуылшы, Қазақстандағы үздіктердің бірі. Мен Артурды жақсы білемін, ол келесі кездесулерде гол соғады.
Біздің серіктес: FONBET