Срджан Благоевич: «Біз барымызды салып, ойынды өз бақылауымызда ұстадық»

20.06.2022, 15:06
«Астана» бапкері команданы трансферлік терезеде күшейткісі келеді.
Срджан Благоевич: «Біз барымызды салып, ойынды өз бақылауымызда ұстадық»

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич «Ақсумен» болған матчтағы командасының ойынына өз бағасын берді.

– Командамды жеңісімен құттықтаймын. Артық сөздің қажеті жоқ, ойын есебіне қарасаңыз бәрі де түсінікті. Жігіттердің ойынына ризамын, әсіресе бірінші таймда жақсы ойын болды: бар өнерін ортаға салды, ойынды өз бақылауында ұстады – футболшылардың біріккен әрекетінің арқасында әдемі гол соқтық. Ойынның нәтижесі көңілді қуантады, бірақ Абат Айымбетов пен Талғат Құсяповтың жарақат алғаны алаңдатады. Бұл менің кездесуден алған басты әсерім деуге болады.

– Абат Айымбетовты жарақатына байланысты ертерек алмастырдыңыз ба?

- Иә, гол соққан соң-ақ жамбас бұлшық еті ауырғанын сезіп, ауыстыруды сұрады. Біз дереу әрекет еттік. Қазір мен жарақаттың қаншалықты ауыр екенін айта алмаймын - оны ертең анықтайтын боламыз.

- «Астананың» келесі кездесуі «Ақтөбеге» қарсы өтеді, бұл екі үлкен клубтың ойыны болмақ. 

- Шынымды айтсам, мен «Ақтөбемен» болатын матч туралы әлі ойланбадым. Қазір біз аздап демалуымыз керек. Иә, әрине, бізді бүгін аз адаммен ойнап жеңіске жеткен байсалды командаға қарсы матч күтіп тұр. Әрі «Ақтөбеде» керемет жанкүйерлер мен тамаша атмосфера күтіп тұр, бірақ мен бұған қуаныштымын. Өйткені бәріміз де осындай атмосферада ойнағымыз келеді. Бірер күннің ішінде «Ақсуға» қарсы ойынды, одан кейін келесі қарсыластың ойынын саралайтын боламыз.

– Еурокубок бәсекесі басталмас бұрын «Астана» құрамын күшейте ме?

– Әзірге нақты айта алмаймын. Біз бұл туралы клуб басшылығвна айттық, белгілі бір идеялар, сонымен қатар қаржылық тұрғыдан да шектеулер бар. Егер біз құрамдағы бір нәрсені өзгерткіміз келсе, онда командадағы ойыншылардың санын азайтып, сосын жаңаларын қосуымыз керек. Біз бұл туралы ойлануға тырысамыз. Менің ойымша, құрамды күшейту қажет, Қазақстан кубогінің ойындары басталмай тұрып, осыған байланысты жаңалықтар болады деп үміттенемін.

– Исламбек Қуат пен Абат Айымбетовтің Қазақстан құрамасындағы сәтті ойынын ескерсек, олардың негізгі құрамда көбірек өнер көрсетуіне мүмкіндік бар ма?

- Қуат туралы бұдан артық айтарым жоқ, біз бұл туралы бұрын да талқылаған болатынбыз. Абатқа келетін болсақ, оның ойыны, әсіресе Беларусь қақпасына соққан голы маған қатты ұнады. Мен оған ешқашан күмәнданбадым, ол біздің клубтың ойыншысы, негізгі құрамдағы орын үшін таласады. Оны қатты құрметтеймін, бүгін жарақат алғаны өкінішті-ақ. Абат ұлттық құрама сапында төрт кездесу өткізді, бұл үлкен жүктеме болған шығар, бірақ осы ойындардың арқасында өзіне деген сенімі артты. Біз бұл сенімді пайдаланып, оған негізгі құрамда ойнау арқылы алғыс білдіргіміз келді, бірақ, өкінішке орай, ол жарақат алып қалды.

«Астананың» Алекса Амановичке қызығушылық танытқаны рас па?

- Мен де бұл жаңалықты сіз сияқты бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыдым. Мен Алексаны құрметтеймін, ол өте жақсы ойыншы. Бірақ оның «Тобылмен» жарамды келісім-шарты бар, бірақ біз онымен бұл туралы сөйлеспедік. Егер сіз оны ойыншы ретінде ұнатасыз ба деп сұрасаңыз, мен иә деп жауап беремін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×