Кирилл Кекер: «Топтағы жағдайды жақсарту үшін әлі үш ойын бар»

25.07.2021, 18:08
«Қайрат» өз тобында 3 ұпаймен үшінші орында тұр.
Кирилл Кекер: «Топтағы жағдайды жақсарту үшін әлі үш ойын бар»

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер «Тұранға» қарсы өткен кубоктік матч туралы пікір білдірді:

- Өкінішке орай, біз жеңіліп қалдық. Бүгін бізге гол мен тәжірибе жетіспеді.

- Топтан шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Біз топтағы жағдайды нашарлаттық, бірақ бізде жағдайды жақсарту үшін әлі үш ойын бар. Қиын болады, бірақ күресті жалғастыру үшін барымызды саламыз.

- Рикардо Алвештің физикалық жағдайы қалай? Оны Белградтағы ойында көре аламыз ба?

- Рикардо үшін бүгінгі ойынның маңызы зор. Ол физикалық жағдайын жақсартуы керек және ол Белградтағы ойынға қалған ойыншылармен бірге дайындалады.

- Көптеген жас ойыншылар бүгін «Қайраттың» негізгі құрамында дебют жасады. Матч алдында және ойын аяқталғаннан кейін оларға қандай сөздер айттыңыз?

- Иә, бүгін көптеген ойыншылар бірінші команадада дебют жасады. Біз оларға батыл әрі еркін ойнап, өздерінің ең жақсы қасиеттерін пайдалануға тырысу керектігін, клубтың намысын қорғап, аңызға айналған Орталық стадионда ойнау олар үшін үлкен мүмкіндік және абырой екендігін айттық. Стадионға келіп, біздің жігіттерге қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге рахмет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×