Роналду мен Дибала «Ювентусте» ойнауын жалғастыра бермек

25.07.2021, 18:38
Бұл жайлы клубтың вице-президенті хабарлады.
Роналду мен Дибала «Ювентусте» ойнауын жалғастыра бермек

«Ювентустың» вице-президенті Павел Недвед шабуылшы Криштиану Роналду мен Пауло Дибаланың командада қалатынын айтты.

«Криштиану дүйсенбі күні клуб орналасқан жерге оралады. Ол біздің командада қалады. Және біз жақын күндері Паулоның агентімен кездесіп, келісім-шартты ұзарту мәселесін талқылаймыз. Дибала - «Ювентустың» маңызды ойыншысы және біз бір мәмілеге келетінімізге сенімдіміз. Аллегри Роналду және Дибаламен бірге жұмыс жасағысы келеді», - деп келтіреді журналист Николо Скира Недведтің сөздерін.

Туриндік «Ювентус» басшылығы Роналдумен жақын арада келісім-шартты ұзарту мәселесін талқыламақ. Дереккөздің хабарлауынша, туриндік клуб португалиялық шабуылшыға 2023 жылға дейін есептелген жаңа келісім-шарт ұсынғысы келеді. Жаңа келісім-шартқа сәйкес, Роналдудың жылдық жалақысы төмендейді: енді 31 миллион емес, 20 миллион еуро алатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×