Кирилл Кекер: «Төрешілердің неліктен әртүрлі шешім қабылдайтынын түсінгіміз келеді»

16.07.2022, 16:52
Алматылық клубтың бапкері төрешінің шешіміне түсініктеме сұрады.
Кирилл Кекер: «Төрешілердің неліктен әртүрлі шешім қабылдайтынын түсінгіміз келеді»

«Қайраттың» бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан кубогінің екінші турында «Атыраумен» болған ойынды (3:2) қорытындылады:

- Ең алдымен «Қайрат» футбол клубының жанкүйерлерін аса маңызды жеңісімен құттықтағым келеді. Біз ең қиын топқа түстік, мұндағы барлық командалар плей-офф кезеңіне шығуға үмітті. Сондықтан әрбір ойын біз үшін маңызды.

Мен ойыншыларға да алғыс айтқым келеді. Бүгінгі жеңіс толығымен солардың еңбегі. Олар жұдырықтай жұмылып, мінез көрсетті, сондықтан жігерлі жеңіске қол жеткіздік. Мен осы командамен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын.

Қарсыластың қолмен ойнағаны үшін пенальти берілмеді, сондықтан осы сәтті пайдаланып шешім қабылдайтын адамдарға жүгінгім келеді. Біздің федерацияда жұртшылыққа түсініксіз болған эпизодтарды түсіндіретін сарапшы комиссиялар болды. Енді осы эпизодта «Атырау» қақпасына неліктен пенальти белгіленбегенін және бұл эпизодтың «Тұран», «Ордабасымен» болған матчта біздің қақпамызға тағайындалған пенальтиден қандай айырмашылығы бар екенін түсінгім келеді. Біз тек төрешілердің неліктен әртүрлі шешім қабылдайтынын түсінгіміз келеді. Ал егер VAR жүйесінің бар екенін ескерсек, одан да көп сұрақтар туындайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×