ПСЖ 20 жастағы шабуылшыны сатып алды

16.07.2022, 16:40
Футболшы «Ньюкасл Юнайтедке» ауысуға өте жақын болған еді.
ПСЖ 20 жастағы шабуылшыны сатып алды

«Пари Сен-Жермен» «Реймс» клубымен француз шабуылшысы Уго Экитикенің трансфері жайлы ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды Фабрицио Романо.

20 жастағы ойыншы келісім-шартқа қол қоймас бұрын медициналық тексерістен өтуі керек. Шабуылшының трансфері үшін Франция чемпиондары 35 миллион еуро төледі.

Айта кетейік, Экитике «Ньюкасл Юнайтедке» ауысуға өте жақын болған еді, бірақ клуб әртүрлі себептермен келіссөздерді аяқтай алмады.

Уго Экитике - «Реймстің» түлегі. Өткен маусымда шабуылшы аталмыш клуб сапында 26 ойынға қатысып, 11 гол мен 3 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Сондай-ақ Францияның жастар құрамасына бірнеше рет шақырту алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×