"Қайрат" ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы Кирилл Кекер "Каспийге" қарсы өткен ойынға (0:2) өз бағасын берді:
— Жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді, өкінішке орай төрешінің шешімі ойынды басқаша өрбітті. Біз жұмыс істеуді жалғастырамыз және жеңіліс бізді бұрынғыдан мықтырақ етуі керек.
— Жоаоның жарақаты қаншалықты ауыр?
— Қазіргі сәтте жағдайды бағалау қиын, алдағы уақытта тексеру жұмыстары жүргізіледі, содан соң оның жарақаттан қайта қалыпқа келуі мен алаңға қашан оралатыны жайлы айта аламыз.
Біздің серіктес: FONBET