Кирилл Морунов: «Бізге халықаралық тәжірибе жетіспеді»

01.02.2021, 20:32
Кешегі матчтан кейін жастарымыздың болашағы бұлыңғыр екенін байқадық.
Кирилл Морунов: «Бізге халықаралық тәжірибе жетіспеді»

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Кирилл Морунов Тәжікстан U-17 (1:7) құрамасына қарсы кездесу туралы пікір білдірді:

- Жеңілгеннен кейін сөз табу қиын. Біз қандай қарсыласқа тап болатынымызды білдік, Тәжікстан құрамасының ойынына талдау жасадық. Өткен жылы олар турнирдің финалына дейін жетіп, пенальти сериясында ұтылды. Он адаммен ойнадық деп ақталғым келмейді, бірақ бұл біздің ойынымыз бен біз құрған жоспарларға сәл нұқсан келтірді. Мен ешкімді кінәлағым келмейді, ірі жеңіліске ұшырадық, нәтижені жақсарту керек.

- Қазақстан үшін бұл турнирге келу маңызды ма?

- Шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға рахмет. Біз бұл турнирге қатысқанымызға қуаныштымыз. Біздің жас тобымыздың іріктеу кезеңі болмады, сондықтан бізге халықаралық тәжірибе жетіспеді.

- 17 жасқа дейінгі жігіттер үшін көп ойнаудың маңызы неде?

- Халықаралық тәжірибе. Бізге бұл тәжірибе осындай қарсыластармен болатын матчтарда жетіспейді. Мұндай командалармен ойнағанымызға өте қуаныштымын. Мұны бастан өткеру керек, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы.

- Мұндағы жағдайлар сізге ұнады ма?

- Жағдайлары жақсы. Иә, көрермен жоқ. Олар былтыр болған. Бұл кездесуге дайындық кезінде біз Беларуссия мен Тәжікстан арасындағы финалдық матчта адамдардың көп болғанын көрдік.

- Қалған екі матчқа не жоспарлап отырсыздар?

- Енді жеңілістен кейін біраз қалпына келу керек, орнымыздан тұрып, әрі қарай жүре беру керек. Біз футболды жақсартуға тырысамыз, өйткені біз мұны көрсетпедік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×