Танымал италиялық маман Клаудио Раньери "Уотфордтың" бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Раньери мен англиялық клуб арасындағы келісім-шарт екі жылға есептелген.
Команданы бұған дейін Хиско деген атпен танымал Франсиско Хавьер Муньос Лломпарта жаттықтырған еді. Ол 4 қазан күні нашар нәтиже көрсетуіне байланысты қызметінен кетті.
Раньери 2020/2021 жылғы маусымда "Сампдорияны" баптаған болатын. Клаудио бұған дейін Англияда "Челси" мен "Лестердің" бас бапкері болып жұмыс істеді және 2015/2016 жылғы маусымда "түлкілермен" бірге чемпионатта топ жарды.
Біздің серіктес: FONBET