«Қайрат-Мәскеу» қатарынан бесінші матчта жеңіске жете алмады

05.10.2021, 15:44
Мәскеулік клуб соңғы бес матчта екі ғана ұпайға ие болды.
«Қайрат-Мәскеу» қатарынан бесінші матчта жеңіске жете алмады

Мәскеулік «Қайрат» ФНЛ-2 турнирінің 14-турында сырт алаңда «Луки-Энергиямен» тең түсті. 

«Луки-Энергия» (Ресей) - «Қайрат-Мәскеу» (Ресей) - 0:0

«Қайрат-Мәскеу»: Вадим Ульянов (қ) - Лев Кургин, Дамир Қасаболат, Сергей Киряков - Рустам Эмиров (к) (Ваагн Айрапетян 84), Данияр Әлімжан, Сергей Пряхин - Айбар Абдулла, Никита Мацхарашвили, Дархан Меделхан (Ален Айманов 68).

Айта кетейік, бұл кездесуді Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамасына шақыртылған бірнеше ойыншылар жіберіп алды.

Осы ойыннан кейін «Қайрат» өз тобында бесінші орында қала берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×