Клаудио Раньери Англияға қайта оралды

05.10.2021, 16:13
Ол АПЛ-дің осы маусымында алғаш болып бапкерсіз қалған клубты тізгіндеді.
Клаудио Раньери Англияға қайта оралды

Танымал италиялық маман Клаудио Раньери "Уотфордтың" бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Раньери мен англиялық клуб арасындағы келісім-шарт екі жылға есептелген.

Команданы бұған дейін Хиско деген атпен танымал Франсиско Хавьер Муньос Лломпарта жаттықтырған еді. Ол 4 қазан күні нашар нәтиже көрсетуіне байланысты қызметінен кетті.

Раньери 2020/2021 жылғы маусымда "Сампдорияны" баптаған болатын. Клаудио бұған дейін Англияда "Челси" мен "Лестердің" бас бапкері болып жұмыс істеді және 2015/2016 жылғы маусымда "түлкілермен" бірге чемпионатта топ жарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×