Елордалық «Астанаға» бухаресттік «Стяуаның» шабуылшысы Клаудиу Кесеру қосылуы ықтимал.
Биыл Чемпиондар лигасында ойнайтын елордалықтар өз құрамын сұрмерген шабуылшымен толықтыруды ойласа керек, Кесеру үшін 4 млн. еуроға шығындалмақ. Ал ойыншының өзіне жылына 2 млн. еуро жалақы беруге дайын. Рас, дәл осындай ұсынысты Сауд Аравияның «Аль-Наср» клубы да жасап отыр. Шабуылшының қай таңдауды дұрыс көретіні белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, Кесеру бұған дейін Францияның «Нант», «Анже» және «Бастия» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ, бірнеше рет Румыния құрамасына да шақырту алыпты.