Эдегор "Реал"сапында ойнайтын болды

22.01.2015, 15:20
Эдегор "Реал"сапында ойнайтын болды
«Реал» мен «Стрёмсгодсет» 16- жасар жартылай қорғаушы Мартин Эдегордың трансфері бойынша келісімге келді. Бұл трансфер туралы ақпарат мадридтіктердің ресми сайтында жарияланды. 22 қаңтар күні Эдегор Мадридте медициналық тексерістен өтіп, баспасөз-конференциясын береді деп жоспарланып отыр. Трансфер бағасы ресми түрде анықталмағанмен, Испандық БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша «Реал» «Стрёмсгодсет» командасына € 4 млн берген. Эдегор Норвегияның  2014-жылғы үздік жас ойыншысы атанып, өз құрамасында үш ойын да ойнап үлгерді. Естеріңізге сала кетейік, Эдегор осыдан бірнеше апта бұрын «Реал» сапында жаттыққан болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×