Вице-Премьер Қазақстан футбол федерациясының жұмысын сынға алды

22.01.2015, 07:01
Вице-Премьер Қазақстан футбол федерациясының жұмысын сынға алды
Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары мен Қазақстандағы спорт федерациялары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан кеңес барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев  футбол федерациясының жұмысын сынға алды. «Өкінішке қарай, бірқатар федерациялардың жұмысы сын көтермейді, ал оларға халықтың қаражаты бөлініп жатыр. Әсіресе, футбол туралы айтайық. Жақында ғана Санкт-Петербордағы турнирде қазақстандық жастар құрамасының ойыны да бұған мысал. Олар еуропалық командаларды айтпағанның өзінде Тәжікстан командасынан жеңіліп қалды. Кеше африкалық командамен тең түсті. Міне, сіздер мен біздерің нәтижеміз осындай», - деді Бердібек Сапарбаев. Бұл ретте Вице-премьер Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшылығы жақсы нәтижелер көрсетуге тырысады деген сенім білдірді. Оның айтуынша, футбол - бұл спорттың ең сүйікті түрі. «Алайда, көптеген спорт ғимараттары салынғанына,  жастарымызды Бразилияда оқытқанымызға қарамастан, әзірше ондай жұмыстардан еш нәтиже жоқ», - деді  Б. Сапарбаев. Сонымен бір мезгілде Премьер-министрдің орынбасары жақсы нәтиже көрсетіп жүрген еліміздегі бокс, ауыр атлетика, теннис секілді федерациялар жұмысын оң бағалады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×