Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогының жартылай финалына шыға алмады.
Ширек финалда біздің жігіттер Белоруссиядан пенальти арқылы ұтылды. Матчтың 64-минутында Рауль Жалилов есеп ашық Қазақстанды алға шығарған. Ал 78-минутта Ярослав Яроцкий есепті теңестірген. Қосымша уақытта таблодағы есеп өзгерген жоқ. Матч соңындағы пенальтиде 3:1 есебімен Белоруссия басым түсті.
Қазақстан енді 5-8 орындарға таласады. 23 қаңтарда ОАР-Ресей матчында жеңілген командамен кездеседі.
Беларуссия U-21 — Қазақстан U-21 1:1 (0:0), пен. 3:1
Гол: Джалилов 61 (0:1), Яроцкий 80 (1:1).
Пенальти: Сариев (0:1), Тулиев (штанга), Шаихов (қақпашы), Айымбетов (қақпашы).