Трансферлік маусымның басты сыбыстары

22.01.2015, 05:49
Трансферлік маусымның басты сыбыстары
ЖИНЬЯК ПЕН ВАЛЬБУЭНА БІР КОМАНДА САПЫНДА ОЙНАУЫ МҮМКІН Мәскеулік  «Динамо» «Марсельдің» шабуылшысы Пьер-Андре Жиньякқа көз тігіп отыр. Мәскеуліктердің спорттық директоры Гурам Аджоев және клуб басшылары Пьер-Андре Жиньяктың агентімен келіссөз жүргізгені туралы ИТАР-ТАСС мәлімдеді. 29 жасар шабуылшының да бұл трансферге оң қабақ тынытып отырғаны  бар. «Динамо» Жиньякқа қызығып отырған жалғыз клуб емес екенін айта кеткеніміз жөн. Оған «Наполи» мен «Интер» де көз тігіп отыр. «ЧЕЛСИ»  КУАДРАДОҒА КӨЗ ТІКТІ Ағылшынның БАҚ өкілдерінің жарыса жазған болжамдарына сенсек, «Челси» Андре Шюррле мен Мохаммед Салахты сатқан жағдайда немесе жалға берген жағдайда, екі ойыншының орынына Куадрадоны алуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, жазғы трансфер маусымынды Куадрадоға «Барселона» мен «Бавария» таласқан еді. ПИКЕ «ҚЫЗЫЛ СОЙҚАНДАР» САПЫНА ҚАЙТУЫ МҮМКІН Жерар Пике осыдан бірнеше маусым бұрын «МЮ» сапында ойыныған болатын.Ол кезде Пике болашағынан үміт күттіретін жас футболшы ғана болатын. Бірақ, «Барселона» өз тәрбиеленушісін небәрі $ 5 млн – ға қайтрған болатын. Қазіргі кездегі Пике мүмкін болатын барлық командалық атаққа ие әлемнің белді ойыншыларының қаратына кіретінін ескерсек, «Манчстер Юнайтед» өте ірі көлемдегі соманы ұсынары анық. Оған қоса «Барселона» екі трансферлік маусым кезінде ойыншы ала алмайтынын ескерсек, «қызыл сойқандар» өте ірі көлемде қаражат жұмсауы мүмкін. СОЛЬДАДО МЕНДРМИЧ КОМАНДА АУЫСТЫРУЫ МҮМКІН Леверкузендік «Байер» Роберто Сольдадоға қызығушылық танытып отыр. «Тоттенхэм» сапына өзінің 22 жасар шабуылшысы Йосип Дрмичті ұсынып отыр. Екі футболшы да өздерінің қазіргі клубтарындағы жағдайға мәз емес. Осыған орай бұл трансфердің болу ықтималдығы аса жоғары. «ПСЖ» ДИБАЛАНЫ АЛУҒА ҚҰЛЫҚТЫ А сриясының үздік шабуылшыларының бірі  Пауло Дибала, «ПСЖ» басшылары мен бапкерінің көзіне түсіп отыр. Францияның Чемпиондары өз өкілдерін «Палермо» өкілдерімен кездестіріп ,  трансфер жағдайын нақтылауға құлықты екенін білдірді.Естеріңізде болса жақында ғана инальяндықтардың клуб басшысы Маурицио Дзампарини 21 жасар аргентиналықты «Манчестер Юнайтедке» сатпағаны туралы БАҚ өкілдерін айтқан болатын. Және бір сөзінде клуб басшысы Дибала 40 млн еуро шамасында тұрады деген еді. Дибала итальяндық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында өзінің пір тұтатын ойыншысы Лионель Мессимен бірге ойнағысы келетінін айтты.

Ерқанат САҒАДИН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×