Клаудиу Кесеру «Астананың» жейдесін киіп қалуы мүмкін

22.01.2015, 19:14
Клаудиу Кесеру «Астананың» жейдесін киіп қалуы мүмкін
скачанные файлыЕлордалық «Астанаға» бухаресттік «Стяуаның» шабуылшысы Клаудиу Кесеру қосылуы ықтимал. Биыл Чемпиондар лигасында ойнайтын елордалықтар өз құрамын сұрмерген шабуылшымен толықтыруды ойласа керек, Кесеру үшін 4 млн. еуроға шығындалмақ. Ал ойыншының өзіне жылына 2 млн. еуро жалақы беруге дайын. Рас, дәл осындай ұсынысты Сауд Аравияның «Аль-Наср» клубы да жасап отыр. Шабуылшының қай таңдауды дұрыс көретіні белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, Кесеру бұған дейін Францияның «Нант», «Анже» және «Бастия» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ, бірнеше рет Румыния құрамасына да шақырту алыпты.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×