Клинсманн Оңтүстік Корея құрамасының бапкерлігі қызметінен кетті

Азия Кубогынде Оңтүстік Кореямен сәтсіз өнер көрсеткен Юрген Клинсманн құрамадағы орнын босатты, деп жазады Аладоп.кз.

Клинсманн Оңтүстік Корея құрамасының бапкерлігі қызметінен кетті

Бапкер Иорданияға (0:2) қарсы жеңілісті жартылай финалдық кездесуден кейін бірден қызметінен қуылды. 

Оңтүстік Корея елінің футбол қауымдастығының президенті Чун Мон Гю Клинсманн үмітімізді ақтамады дейді.

“Бапкер Юрген өзін бапкерлік қырынан жақсы таныта алмады. Біз оны команда ойыншылары арасында бәсекелестік орнатады деп шақыртып едік. Алайда Клинсманн үдеден шықпады. Корея құрамасының ойынын қалыптастыра алмады. Сондықтанда оны қызметінен босатып отырмыз”. 

Неміс Оңтүстік Кореяны 2023 жылдан бері баптап келеді. Бұған дейін Юрген Германия мен АҚШ құрамаларын және мюнхендік “Бавария” ұжымын жаттықтырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Килиан кетемін дейді
Келесі жаңалық
Директорлыққа талас
Aladop Youtube
×