Клопп: «Біз «Челси» сияқты жұмыс істей алмаймыз»

10.09.2020, 23:51
Клопп команданы күшейтудің басқа да жолдары юар деп есептейді
Клопп: «Біз «Челси» сияқты жұмыс істей алмаймыз»

"Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп трансферлік нарықтағы жағдай туралы айтты.

«Біз белгісіздік әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Кейбір командалар үшін болашақ қаншалықты бұлыңғыр болатыны маңызды емес. Мұндай клубтар әртүрлі елдер мен олигархтарға тиесілі. Біз басқа клубпыз.

Біз бір күнде бәрін өзгерте алмаймыз және "енді біз "Челси" сияқты әрекет етеміз" деп айту қиын. Олар көптеген футболшылар сатып алады. Бұл артықшылық болуы мүмкін, бірақ бұл олардың барлығы бір-біріне сәйкес келеді дегенді білдірмейді. Бұл тек сапаға қатысты емес. Сіз ең жақсы 11 ойыншыны сатып ала аласыз және олар ең жақсы футбол көрсетеді деп үміттенесіз. Бірақ біз бірлескен жұмыс туралы айтамыз, бұл біз үшін артықшылық болуы мүмкін, өйткені бізде қалыптасқан команда бар. Біз әрқашан команданы жақсартқымыз келеді, бірақ оның әр түрлі жолдары бар», - деп келтіреді Клопптың сөзін Daily Express газеті.

Айта кетейік, "Ливерпуль" жазғы трансферлік терезеде бір ғана ойыншы сатып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×