Исламбек Қуат «Химки» ойыншысы атанды

10.09.2020, 23:03
«Химки» РПЛ-де соңғы орында келе жатыр.
Исламбек Қуат «Химки» ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасының футболшысы Исламбек Қуат Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін "Химки" клубының ойыншысы болды.

«Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат медициналық тексерістен сәтті өтіп, Ресейлік клубпен келісімшартқа отырды. "Химки" ФК-мен келісімшарт мерзімі маусымның соңына дейін. Ол жаңа командада 20-шы нөмірмен өнер көрсетеді.

Алты турдан кейін «Химки» үш ұпаймен 15-ші орында келе жатыр және келесі сенбіде «Уралмен» сырт алаңда матч өткізеді. Айта кету керек, "Химкиде" «Қайраттағы» Қуаттың бұрынғы командаласы Дмитрий Хомич ойнайды», - деп жазды Айдын Қожахмет өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Исламбек Қуат ресейлік «Оренбургқа» «Қайраттан» ауысқан болатын. Ол РПЛ-де "Оренбург" командасы үшін бірнеше матч өткізді, бірақ клуб Премьер-Лигадан шығып қалды және өзара келісім бойынша тараптар келісімшартты бұзды.

Қуат екі айдан бері клубсыз жүр, оған Ресей премьер лигасының бірнеше командасы қызығушылық танытқан еді. Ал ұлттық құрамада екі матчта бой көрсетіп, Литваны 2:0 есебімен жеңуге көмектесті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×