«Реал Мадрид» Гарет Бэйлден құтылғысы келеді

10.09.2020, 20:47
Хамес пен Бэйл командада ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі еді. Хамес кетті...
«Реал Мадрид» Гарет Бэйлден құтылғысы келеді

"Реал Мадрид" Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйлден құтылғысы келеді. 

The Telegraph басылымының хабарлауынша, "королдік клуб" егер шабуылшы басқа клубқа ауысатын болса, оның жалақысың жартысын төлеуге дайын екен. Бэйл команда сапында ең жоғары жалақы алатын футболшылардың бірі екенін айта кетейік. Ол жылына 17 миллион еуро алады.

Бэйлге бірнеше Англиялық клуб қызығушылық танытып отыр екен. Шабуылшының мадридтік командамен 2021 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. Бэйл "Реал" сапына 2013 жылы "Тоттенхэмнен" ауысып келген болатын. Трансфер құны 101 миллион еуро болған еді. Өткен маусымда 31 жастағы шабуылшы Испания біріншілігінде 16 кездесуге қатысып, екі гол және екі нәтижелі пас берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×