Дортмундық «Боруссияның» бас бапкері Юрген Клопп биылғы маусым аяқталған соң командадан кетеді.
Германиялық Bild басылымының мәліметтеріне сүйенсек, Юрген Клопп дортмундық клубтың директоры Ханс-Йоахим Ватцкеге биылғы маусым аяқталған соң келісімшартты бұзғысы келетінін айтты. Айта кетер жайт, Клопптың клубпен қазіргі келісімі 2018-ші жылы аяқталады.
Естеріңізге сала кетсек, «Боруссия» қазіргі таңда Бундеслигада 10-шы орында келеді.