Клопп: «Эвертон» біз мүмкіндік берген кезде ғана ойнай бастайды

21.06.2020, 22:44
Бүгін түнде «Эвертон» мен «Ливерпуль» кездеседі.
Клопп: «Эвертон» біз мүмкіндік берген кезде ғана ойнай бастайды

Мерсисайд дербиі алдында Юрген Клопп сұқбат берді.

- Футболшылардың сәл қобалжуын сезініп отырмын. АПЛ қайта жалғасқаны қуантады. Бірақ, алғашқы матчтар көңілге қаяу түсірді. Төрешілердің біртүрлі шешімдері мен техникалық ақаулар орын алды. "Эвертонмен" ойынға жоспарымыз бар. Ол болмаса жағдайға қарай икемделіп аламыз. Олармен болатын матч тартысты өтетіні анық.

- "Эвертон" үзіліске дейін үш ойында небәрі 1 ғана ұпай еншіледі. Бұл Сізге қалай әсер етеді?

- "Эвертонға" қараған кезде біз "Наполиді" де еске аламыз. Себебі, Карло Анчелоттидің бір бармағы бүгулі болады. Ол командасының алаңда асыр салып ойнағанын қалайды. Өте тәжірибиелі бапкерден неше түрлі әдістерді күтуге болады. Бірақ, біз оларды ойнатып қойып қарап отырмаймыз. "Ливерпуль" қарсыласқа қашан мүмкіндік береді, сол кезде ғана олар ойнауы тиіс. Әйтпесе, қалған уақытта негізгі бақылау бізде болады. Біздің команда 100 пайыз дайын болып, әрбір ойынға деген құлшынысы артып тұруы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×