Клопп: «Санчоға қызыл жейде керемет жарасады»

28.06.2020, 04:54
Негізі, «Манчестер Юнайтедтің» де жейдесі қызыл түсті...
Клопп: «Санчоға қызыл жейде керемет жарасады»

«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп Дортмундтық "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Джейдон Санчоны ағылшын клубына ауысу туралы сұраққа жауап берді.

«Қызыл жейде Джейдонға керемет жарасар еді. Бірақ мұндай трансфер осы жазда болады деп ойламаймын. Ол өте керемет ойыншы. Егер ол «Ливерпульге» ауысатын болса, мен бұған қатты таң қаламын», - дейді Клопп Bild басылымына берген сұхбатында.

«Манчестер Юнайтед» вингердің қызметіне қызығушылық танытқаны туралы хабарланған еді. БАҚ-тың хабарлауынша, неміс клубы футболшысын 130 миллион еуро көлемінде сатуға ниетті. Бундеслиганың ағымдағы маусымында Санчо 31 кездесу өткізіп, 17 гол соғып, 16 пас берді. «Боруссия» 34 турдан кейін Германия чемпионатында екінші орын алды, ал «Бавария» чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×