Арьен Роббен мансабын қайта жалғастырады

28.06.2020, 05:38
Роббен де футболды сағынған секілді.
Арьен Роббен мансабын қайта жалғастырады

Нидерланды ұлттық құрамасы мен "Бавария" клубының бұрынғы шабуылшысы Арьен Роббен мансабын қайта бастады және өзінің алғашқы клубы "Гронингенде" ойнайды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

«Мен "Гронингенге" футболшы ретінде ораламын. Енді бұл менің мақсатым. Футболға оралу жолында жұмыс жасап жатырмын. Мұның қалай болатынын білмеймін, бірақ мен "Гронингенде" ойнауды армандаймын», - деді Роббен.

Суретті «Гронингеннің» ресми «твиттерінде» көруге болады. Роббен өзінің кәсіби мансабын 2019 жылдың жазында аяқтаған еді. Голландиялық футболшы "Гронинген", "ПСВ", "Челси", "Реал Мадрид" және "Бавария" командаларында ойнады. Нидерланды, Англия, Испания және Германия чемпионы. Оған қоса Мюнхендік «Бавария» сапындағы 2012/2013 жылғы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×