Клопп: «Жақсы әйел күйеуінің түрмеден шыққанын күткен секілді, біз де Ван Дейкті күтеміз»

20.10.2020, 03:21
Қорғаушы алдағы уақытта ота жасататын болады. Содан кейін ойыншының футболға қайта оралатын уақыты белгілі болады.
Клопп: «Жақсы әйел күйеуінің түрмеден шыққанын күткен секілді, біз де Ван Дейкті күтеміз»

"Ливерпульдің" бас бапкері Юрген Клопп команда қорғаушысы Вирджил ван Дейктің "Эвертонмен" Англия Премьер-лигасының 5-тур матчында алған жарақатынан кейін қалпына келуі туралы айтты. 29 жастағы голландиялық қорғаушы тізе буынын жарақаттап алған еді.

"Ойыншылар осындай қиындықтарды жеңу үшін жалғыз болғанды ​​жақсы көреді. Мен футболда бұрыннан бері жүрмін және бұл туралы білемін. Тіпті, өзім де жарақат алдым, соның ішінде, қателеспесем, Вирджилдікі секілді жарақат алдым, бұл жағдайдан кейін сіз әлемдегі көп сөйлемейтін адамдардың бірі боласыз.

Соған қарамастан, біз байланыстамыз, оған жанашырлық білдіреміз және оны толығымен қолдаймыз. Вирджил мұны біледі. Жақсы әйел күйеуінің түрмеден шыққанын күткен секілді, біз де Ван Дейкті күтеміз және осы уақытты мүмкіндігінше жақындату үшін бәрін жасаймыз", - деп келтіреді Клопптың сөзін "Ливерпульдің" баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Эвертон" қақпашысы Джордан Пикфорд Ван Дейкті жарақаттағаны үшін жазаланбайтыны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×