Клубтық деңгейдің көтерілуіне не кедергі?

13.03.2011, 08:48
Клубтық деңгейдің көтерілуіне не кедергі?
2-турдан кейінгі турнир кестьесчіне көз жүгіртер болсаңыз біраз жәйтқа қанық боласыз. Өткен жылғы өкініштен сабақ алған ақтөбеліктер чемпиондық тәжге бірден ұмтылуды жөн санаған екен. Екі ойында 100 пайыздық көрсеткіз. Мұндай команда 2-турдан соң біреу-ақ. "Восток"  Қазақстанның 20-біріншілігіндегі әлі әзір ұтылмаған жалғыз ұжым. Вахид Масудов жігіттері премьер-лиганы сағынысып қалғаны бірден байқалады. Әр матчты соңғы кездесулеріндей өткізуде.  Әсіресе жаңадан келген легионерлері жақсы әсер қалдыруда. "Тобыл" өткендегі 2 ойыннан соң есін енді жиды. "Локомен" болған кездесуден соң әділеттілік туралы ойлары сәл өзгере кеткен қостанайлық жігіттер келесі ойынды байқамай ұтылып қалды. "Ордабасы" да өз алаңында оңай қарсылас емес. Ал тіпті чемпионаттың алғашқы турларында бұрынғы көрсетіп жүрген нәтижелеріне қарап баға беру таза адасу. Үш ай қыста біздің қазақстандық клубтар ойыншыларының жартысын өзгертіп жаңадан құрылған командадай құлпыра сала береді. Бұл қалыптасып қалған үрдіс тыйылмаса, қазақ футболындағы клубтық деңгей ешқашан өркен жайып дамымайды. О  Ұ 1 «Ақтөбе» 2  6 2 «Восток» 2   4 3 «Тобыл»   2   3 4 «Ертіс» 2   3 5 «Жетісу» 2  3 6 «Атырау» 2  3 7 «Шахтер»      2  3 8 «Ордабасы»  2  3 9 «Қайрат»        2  3 10 «Локомотив» 2 3 11 «Қайсар»       2 1 12 «Тараз»        2 0 Мергендер тізімі    Г (П) 1 Хайруллин Марат 3 (0) 2 Лисенков Сергей 2 (0) 3 Мұжықов Серікжан 1 (0) 4 Остапенко Сергей 1 (0) 5 Добрич Саша 1 (0)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×