Көкшетаулық аяқдопшылар Молдованың "Рапидімен" жолдастық кездесу өткізді

09.02.2012, 22:25
Көкшетаулық аяқдопшылар Молдованың "Рапидімен" жолдастық кездесу өткізді
  Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан көкшетаулық аяқдопшылар Кишиневтің "Рапидімен" жолдастық кездесу өткізді. Онда есеп ойынның аяқ шенінде ғана ашылды. 1994, 1996 жылдарғы Румыния кубогының иегері бұл ойында 1:0 есебімен басым түсті. Бұған дейін, нақты айтқанда 5 ақпанда көкшетаулықтар Румынияның Бистрица қаласының "Глория" командасымен  1:1 есебімен тең түскен еді. Енді олар  бұл жиындағы ақтық кездесуін Сербияның «Явор» командасымен өткізбек. Анталияда 24 қаңтарда басталған әзірлік кезінде "Оқжетпес" 30 қаңтарда Германияның 3-інші дивизионында өнер көрсететін «Схокланд» командасынан  0:1,  ал 2 ақпанда Ресейдің екінші дивизионындағы Белград қаласының "Салют" командасына 0:2 есебімен жеңілген болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×