Түркиядағы "Тобыл" мен "Газ Метан" футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу 2:1 есебімен аяқталды

09.02.2012, 22:26
Түркиядағы "Тобыл" мен "Газ Метан" футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу 2:1 есебімен аяқталды
  Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың "Тобылы" Медиаш қаласының "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізді. Онда өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 7-орын алған қостанайлықтар Румыния чемпионатының   Бірінші лигасында 7-орын алған медиаштықтардан  2:1 есебімен  басым түсті. Сергей Масленов жаттықтыратын «Тобылдың» келесі жолдастық кездесуі 10 ақпанда өтеді. Олардың бұл жолғы қарсыласы Болгарияның  Пловдив қайасының «Локомотив» командасы болмақ. Негізі 1936 жылы қаланған бұл команда Болгария чемпионатында «А» тобында өнер көрсетеді. Пловдивтіктер  2004 жылы ел чемпионаты  мен Суперкубок жеңімпазы. Олар ел біріншілігінде 1974 жылы күміс, 1967, 1974, 1992, 2005 жылдары қола жүлдегер  атанып, 1960, 1971, 1982 жылдары Болгария кубогының финалисі болған еді. http://www.inform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×