Колумбия Америка Кубогін жеңіспен бастады

14.06.2021, 13:30
Колумбияға үш ұпай алу үшін бір ғана гол жеткілікті болды.
Колумбия Америка Кубогін жеңіспен бастады

Куяба қаласындағы (Бразилия) "Арена Пантанал" стадионында Колумбия мен Эквадор құрамалары арасындағы Америка кубогінің бірінші турындағы алғашқы матч өтті. Колумбия аталмыш кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпайды қоржындарына салды.

Колумбия құрамасы сапындағы жалғыз голды матчтың 42-минутында Эдвин Кордона соқты.


Еске салайық, бұған дейін Америка Кубогінің тұсаукесер матчында Бразилия Венесуэла құрамасын ірі есеппен жеңген болатын (3:0). Осылайша, Бразилия В тобының турнирлік кестесінде алғашқы орынға шықты, ал Колумбия екінші сатыға жайғасты. Бұл топта Эквадор мен Венесуэладан басқа Перу құрамасы да өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×