Бразилия Америка Кубогінің тұсаукесер матчында Венесуэла құрамасын еш қиындықсыз жеңді

14.06.2021, 13:25
Турнир қожайындары қарсыластарына жауапсыз үш гол соқты.
Бразилия Америка Кубогінің тұсаукесер матчында Венесуэла құрамасын еш қиындықсыз жеңді

Бразилиядағы "Манэ Гарринча" стадионында Америка Кубогінің тұсаукесер матчы өтті, онда Бразилия мен Венесуэла құрамалары кездесті. Турнир қожайындары кездесуде ірі есеппен жеңіске жетті - 3:0.

Есепті кездесудің 23-минутында бразилиялық қорғаушы Маркиньос ашты. Екінші таймда оның ПСЖ-дағы серіктесі Неймар 11 метрлік айып добын сәтті пайдаланып, есепті еселей түсті. 89-минутта кездесудің қорытынды есебін қосалқы құрамнан шыққан шабуылшы Габриэл Барбоза орнатты.


Айта кету керек, Венесуэла құрамасында матчқа бірнеше күн қалғанда коронавирус жұқтырған ойыншылар пайда болды. Бразилиямен ойынға бір күн қалғанда командаға 15 ойыншы келіп қосылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×