Нидерланды драмаға толы матчта Украинадан басым түсті

Еуропа чемпионатындағы ең қызық әрі ең нәтижелі ойын осы болды.

Нидерланды драмаға толы матчта Украинадан басым түсті

Бүгін, 13 маусымда Нидерланды құрамасы Украина құрамасымен кездесті. Матч Амстердамдағы (Нидерланды) "Йохан Кройф Арена" стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Кездесуде Феликс Брих бастаған германиялық төрешілер тобы қызмет етті.

Нидерланды құрамасы 52-минутта Жоржиньо Вейналдумның арқасында алға шықты. 7 минуттан соң номиналды алаң иелері есепті еселеді - бұл жолы Ваутер Вегорст көзге түсті. Матчтағы интрига 75-минутта Андрей Ярмоленконың соққан әдемі голынан кейін қайта оралды. 79-минутта Украина есепті теңестірді: Руслан Малиновскийдің айып добынан асырған пасын Роман Яремчук ұтымды пайдаланды. Бірақ матчтағы соңғы сөз Нидерландыда қалды. 85-минутта Дензел Думфрис өз командасына жеңіс сыйлады. Дәл осы Думфрис матчтың үздік ойыншысы ретінде танылды.

Естеріңізге сала кетейік, С тобында Украина мен Нидерландыдан басқа Австрия мен Солтүстік Македония құрамалары бақ сынауда, олардың арасындағы кездесу 3:1 есебімен австриялықтардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Нидерланды мен Австрияда үш ұпайдан бар, Македония мен Украинада соңғы орынды өзара бөлісіп тұр.


0 пікір