Колумбия құрамасы Уругвайды пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға шықты

04.07.2021, 13:46
Колумбия жартылай финалда Аргентинамен кездеседі.
Колумбия құрамасы Уругвайды пенальти сериясында жеңіп, жартылай финалға шықты

Уругвай құрамасы Америка Кубогінің ширек финалында Колумбия құрамасымен кездесті. Матч "Манэ Гарринча" атындағы Ұлттық стадионында өтіп, Колумбия құрамасының жеңісімен аяқталды.

Ойынның негізгі уақытында қос команда да гол соға алмады. Ал пенальти сериясында Колумбия құрамасының бағы жанды - 2:4. Екі ойыншының пенальтиін қайтарған Давид Оспина матчтың үздік ойыншысы атанды.

Турнирдің жартылай финалында Колумбия құрамасы Аргентинамен ойнайды. Ал Бразилия финалға шығу үшін Перумен кездесетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×