Аргентина Америка Кубогінің жартылай финалына шықты

04.07.2021, 08:59
Мессидің жалғыз өзі Аргентина құрамасын жеңіске жетеледі.
Аргентина Америка Кубогінің жартылай финалына шықты

Гояниадағы (Бразилия) "Олимпико Педро Лудовико" стадионында Аргентина мен Эквадор құрамалары арасындағы ширек финалдық матч өтті. Кездесу 3:0 есебімен Аргентинаның пайдасына аяқталды.

Есепті 40-минутта аргентиналық жартылай қорғаушы Родриго Де Паул ашты, ал Лионель Месси пас берді. 84-минутта Аргентинаның шабуылшысы Лаутаро Мартинес те көзге түсті, нәтижелі пас тағы да Мессидің еншісіне жазылды. Қосымша уақытта Лионельдің өзі де гол соғып, матчтың нүктесін қойды.

Осылайша, Аргентина Америка Кубогінің жартылай финалында Уругвайды пенальти сериясында жеңген Колумбиямен кездеседі (0:0, 4:2).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×