Оралхан Өміртаев бұрынғы клубына қайта оралды

04.07.2021, 15:58
Жас шабуылшы «Тобылдың» негізгі ойыншысына айнала алмады.
Оралхан Өміртаев бұрынғы клубына қайта оралды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тобылдың" экс-шабуылшысы Оралхан Өміртаев мансабын "Шахтерда" жалғастырады.

Бір жарым жыл бұрын жас шабуылшы "Шахтердың" жаңа келісім-шарт ұсынғанына қарамастан, костанайлық клубқа кеткісі келетінін хабарлаған еді. Нәтижесінде "Тобыл" Оралхан үшін "Шахтерға" 17 миллион теңге көлемінде өтемақы төледі.

Алайда, Өміртаев бір жарым жыл бойы жаңа командасының басты шабуылшысы бола алмады және Григорий Бабаян кеткеннен кейін "Тобыл" онымен келісім-шартты бұзды. Енді шабуылшы бұрынғы клубына қайта оралып өзін дәлелдеуге тырысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×